Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/c-389.webspace/www/antijemkor.kz/wp-content/plugins/truemag-shortcodes/shortcodes/smart-content.php on line 152
«ЖЕР ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫ» » атты дөңглек үстел отырысына шақырамыз. — "Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет" Қоғамдық Қоры
"Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет" Қоғамдық Қоры

«ЖЕР ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫ» » атты дөңглек үстел отырысына шақырамыз.

Баспасөзге хабарлама

Барлығыңызды да

«ЖЕР ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫ» » атты дөңглек үстел отырысына шақырамыз.

2013 жылдың 31-ақпанында Астана қаласындағы қоғамдық ұйымдар: Қазақстан Республикасының Жер туралы Кодексінің қабылданғанына — 10 жыл және Арон Атабектің — 60 жасқа толуына арналған «Жер тағдыры – ел тағдыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Арон Атабек – 2005 жылдың маусым айынан бері баспанасыздар құқығы үшін қозғалысының негізін құрушы әрі «Әйгерім», «Шаңырақ», «Бақай», «Ұлжан» және күштеп қоныстарынан көшіріліп жатқан жатақхана тұрғындарының азаматтық құқын қорғау мақсатында «ұжымдық өзін-өзі қорғау» жүйесін құрушы сналады.

Ол 2006 жылдан бастап, «Жер және баспана» комитетін басқарды.

Қазақ халқының санасына өшпестей із қалдырған 2006 жылдың 4-шілдесінде қала маңының ықшам аудандры тұрғындпры мен полиция күштері арасында күш қолданған қанды қырғын орын алды. Иә, бүгіндері «Темір Иманғали» атанған сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың бұйрығымен баспаналарын енді ғана тұрғызып жатқан қазақ халқының өндірдей жап-жас отбасыларының .үйлерінің тас-талқанын шығарып, билік тал түсте туған халқын көкірегінен теуіп, ойран жасағаны жұртшылық есінде. Міне, осы бір ел басына күн туған сәтте халық айбынды қарсылық көрсете білді. Сол бір қанды оқиғадан билік қорытынды шығарды ма, жоқ па, ол бөлек әңгіме…

Бұл дөңгелек үстелгеқатысушы азаматтық қоғам белсенділері жазықсыздан жазықсыз 18 жылға сотталған, 2010 жылы «Азаттықтың салтанат құруы» (Freedom To Create) атты халықаралық сыйлыққа ие болған ақын, азамат Арон Атабектің ұстанымын әңгімеге арқау етпек. Ақын бұл сыйлыққа темір тордың ар жағында отырып-ақ, ғажайып көркем шығармалар жазғаны үшін ие болған.

Арон Атабектің туған күніне арналған бұл дөңгелек үстел 2013 жылдың 31-қаңтарында мына мекен-жайда: Астана қаласы, Иманов көшесі, 19-үй, «Алматы» Іскерлер Үйінің 301-ші мәслихат залында сағат 17.00-де өтеді. Байланыс тел: +7(7172) 78 78 26, 7 701 404 63 14

Зәреш БАТТАЛОВА,

«Қазақстанда Парламентаризмді дамыту Қоры» ҚҚ-ның Президенті,

Л. КАМЗЕ — «Адам құқығы жөніндегі миссия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *